Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Diyarbakır °C

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
13.11.2023
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

2023 жылғы 13 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді.

 

 

 

 

Берік Асылов заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар және осы мақсатта жаңадан құрылған Комитеттің қызметі туралы баяндады. Бас прокурордың айтуынша, Комитет шетелге шығарылған активтерді іздеу, заңсыз схемаларды әшкерелеу үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы IT технологияларды қолданады.

 

 

 

 

Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыдан қолдау жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Құрамына Сыртқы істер министрлігі, «Қазақ-Инвест» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Бизнес-омбудсмен кіретін арнаулы Ведомствоаралық комиссия инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған алғашқы шараларды әзірледі. Прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алды. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселелері шешімін тапты.

 

 

 

 

 

Президентке инвестицияның қауіпсіздігіне кепілді күшейту үшін инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл процесін нақты уақыт режимінде бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты негізгі шешімдерін прокурормен келісу ұсынылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа үш буынды модель аясында кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау 3 есе қысқарғаны (614-тен 204-ке дейін) жөнінде мәлімет берілді. Жалпы, еліміз бойынша 1041 тұлғаның негізсіз қылмыстық қудалауға тартылуына жол берілген жоқ. Конституциялық құқық бұзушылықтар саны 29 пайызға қысқарды (310-нан 222-ге дейін).

 

 

 

 

Бұдан бөлек, Президентке азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде баяндалды. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін 54 түзету мекемесінде 29 мың бейнекамера орнатылған, сәйкесінше азаптау фактілеріне шағымдану да 94-тен 17-ге дейін азайған.

 

 

 

 

Сондай-ақ Бас прокурор қоғамда резонанс тудырған қылмыстардың тергелу барысы жөнінде есеп берді. Аталған мәселелермен қатар, халықаралық ынтымақтастық бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі таныстырылды. Атап айтқанда, биыл шетелден ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған 40 адам экстрадицияланды. Жалпы Қазақстан қылмыстық-құқықтық сала бойынша алыс шетелдің 34 мемлекетімен 74 шартқа қол қойды.

 

 

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету ісін күшейту қажет екеніне назар аударды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-bas-prokuror-berik-asylovty-kabyldady-1310327

 

 

 

REKLAM ALANI